Құрметті жолаушылар!
29 қарашадан бастап Астана қаласының қоғамдық көлігі үш жаңа бағдармен толығады!
Бағдарлар бағыттары:
- № 65 бағдар – Болашақ көшесі– «Отау» шағын ауданы;
- № 68 бағдар - «Газмашаппарат» АҚ – «Бағыстан» тұрғын үй кешені;
- № 78 бағдар - Ұлттық шұғыл медициналық үйлестіру орталығы – № 64 мектеп-лицейі қатынасымен жүреді.
Жаңа бағдарлар елорданың бірқатар маңызды нысандары арқылы жүреді. Мысалы, № 65 бағдар жаңадан ашылған С. Шаймерденов көшесімен қатынайды, № 68 бағыты «Бағыстан»ТК қаланың оң жағалауымен байланыстырып, К. Әзербаев және М. Жұмабаев көшелерін қоғамдық көлікпен қамтамасыз етеді.
Жаңа бағыттардың жұмысы жолаушылар тасымалының сапасын арттыруға және қоғамдық көлікпен қамтуды жақсартуға бағытталған.
Қозғалыс сызбаларын келесі суреттерден және Avtobys қосымшасынан көре аласыздар.