01.09.2023

Жаңа оқу жылының басталуымен, көліктік бақылау Департаментінің қызметкерлері желіге шықпас бұрын автопарктердің жүргізуші құрамына балалар қауіпсіздігіне байланысты нұсқаулық өткізді

Жүргізушілерге қашықтықты, қозғалыс аралығын, жылдамдық режимін сақтаудың, әсіресе балаларды тасымалдау кезінде және оқу орындарының жанында қырағы болудың маңыздылығы туралы еске салды.

Сондай-ақ, автобустардың техникалық жағдайы тексерілді: жарықтандыру аспаптарының жарамдылығы, өрт сөндіргіштердің, медициналық дәрі қобдишалардың болуы және т. б.


Тізімге оралу

KZ  RU