15.04.2024

Жаңа веломаусым ашылды

Достар!

«Astana Bike» веложалдауының жаңа маусымы ашық деп жариялаймыз.

Велосипедтер мен абонемент сатып алу таңғы 9:00-ден қол жетімді.

Велосипедтер мен велостанцияларды қосу қала бойынша кезең кезеңімен жүргізіледі:
15 сәуірде 300 велосипед пен 57 велостанция;
22 сәуірде 300 велосипед пен 47 велостанция;
27 сәуірде 233 велосипед пен 51 велостанция.

Қосылуына қарай, белсенді велостанциялар көк түспен боялады.

Қала бойынша барлығы 155 станция, 833 велосипед қолжетімді болады.

Велосипедтерді пайдалану үшін www.velobike.kz сайтына тіркелу қажет. Сондай-ақ, сайтта велостанцияларды қарауға, абонементтерді сатып алуға және велопрокат бойынша қажетті ақпаратты білуге болады.

Айта кетейік, веложалдау пайдаланушыларының жеңілдетілген санаты үшін velobike.kz сайтындағы деректерді жаңарту қажет. Яғни, жеке кабинетте «аккаунтты белсендіру» батырмасын басып, жеке басын куәландыратын құжатты және жеңілдікті растайтын зейнетақы куәлігін немесе оқу орнынан анықтаманы (студенттер үшін) тіркеу керек.

Велосипедті жалға беру жүйесі 24/7 қол жетімді.

Тізімге оралу

KZ  RU