Достар, сіздерге жақсы жаңалығымыз бар!
Жаңа веломаусым жаңа абонементтермен толықты.
Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін, 45 және 60 минут тегін пайдалануды қарастыратын абонементтер қосылды.
Бұған дейін болған 30 минуттық тегін уақыт қарастырылған абонементтер қолжетімді болып қала береді.
Тариф түрлері мен олардың құны туралы суреттен таныс бола аласыздар.
Айта кету керек, азаматтардың жеңілдік санаты үшін тоқсандық және маусымдық абонементтерге 50% жеңілдік қарастырылған. Жеңілдік санатына кімдер жататынын velobike.kz сайтынан білуге болады.
Пайдаланушылар қалалық велопрокат сервисі бойынша кеңесті iKOMEK-109 бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалып немесе CTS компаниясының Instagram @cts_kz және Facebook @CityTransportationSystems әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасына жазып, ала аласыздар.
Өздеріңізге ыңғайлы тарифты таңдап, велошеринг қызметін пайдаланыңыз!
Сәтті сапар тілейміз!