Велосипедті пайдалану мүмкіндігін үйден шықпай-ақ онлайн алуға болады. Velobike.kz сайтта тіркелу жеткілікті. Енді сізге карта қажет емес.
Сайтта тіркелу үшін аты-жөніңізді, телефон нөміріңізді, эл.поштаңызды, ЖСН, мекен-жайыңызды, жынысыңызды, велосипедтің тілін таңдап, электрондық поштаңызды растау керек (поштаға хабарлама келеді). Ең бастысы - жалған поштаны жазбаңыз.
Содан кейін жеке кабинетте аккаунтты іске қосыңыз - жеке куәлікті жүктеп, жария шартпен танысыңыз.Сіздің өтініміңіз 24 сағатта қаралады. Қарастырылғаннан кейін сіз көрсеткен телефон нөміріне ID және PIN бар SMS келеді. Бұл ақпаратты сақтап қойыңыз, велосипедті жалға алған кезде керек болады.
Бұдан әрі абонемент сатып алып, теңгерімді толтыру қажет. Егер сізде жеңілдігіңіз болса, онда 50% жеңілдік аласыз. ‼️Абонементтік төлемнен бөлек есеп-шотыңызда 500 теңге болуы керек. Қаржы аяқталған кезде – велосипедтің экранында «Қате» деген жазу көрсетіледі.
30 минутқа дейін велосипедті тегін пайдалануға болады.
Велосипедті жалдау құны мен уақыты:
● 0 - 30 мин – абонемент ақысына енгізілген;
● 31 - 60 мин – 100 теңге;
● 61 - 120 мин – 250 теңге;
● 121 - 180 мин – 500 теңге;
● 181 асқан жағдайда әр сағат – 1 000 теңге.