16.07.2024

Жақында: Жаңа бағдарды іске қосу

Құрметті Астана қ. қоғамдық көлігінің жолаушылары!

Алдағы күндері тағы бір жаңа бағыт іске қосылады.

№ 63 нөмірмен іске қосылатын бағдар «Теміржол вокзалы» – Жағалау (Ә. Бөкейхан ат. Binom мектебі) қатынасымен жүреді. Ол Агротехникалық және Медициналық университеттері, «Сарыарка», «Керуенсити» ОСО, «Астаналық» базары, «Тұлпар», «Шапағат», «Асем» және «Сарыарка» сауда үйлері арқылы өтеді.

Бағытқа қызмет көрсету қатынау жиілігі 10-15 минут болатын 10 автобуспен жүзеге асырылады.

Бұл жыл басынан іске қосылатын төртінші жаңа маршрут. Бұған дейін №№ 42, 55, 58 бағдарлары іске қосылған болатын.

Қозғалыс сызбасын бағдарды іске қосу күніне жақындағанда хабарлаймыз. CTS жаңалықтарынан қапы қалмаңыздар!

Тізімге оралу

KZ  RU