Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті «City Transportation Systems» ЖШС-нің каьельдік кәрізді мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе пайдалануға беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтердің тарифін және тарифтік сметасын бекітуге арналған өтінімін қарау бойынша жария тыңдауды өткізеді.
Жария тыңдауға мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, табиғи монополиялар субъектілері, тұтынушылар шақырылады.
Жария тыңдау 2022 жылғы 15 маусымда сағат 11:00-де Нұр-Сұлтан қаласы, Тұран даңғылы, 34, «City Transportation Systems» ЖШС конференц-залында өтеді.
Қатысушылардың тізімін электронды мекен-жайға жіберулеріңізді сұраймыз A.zhanysbayeva@cts.gov.kz, b.makulbekov@cts.gov.kz және z.orysbaeva@mdai.gov.kz
Байланыс телефоны: 8 (7172) 577-177 (90), 61-32-92