01.11.2022

Жеңілдігі бар көлік картасы

Жеңілдігі бар көлік картасы

Құрметті жолаушылар!
Бүгін біз сізге жеңілдігі бар көлік картасы алу шарттарын туралы еске салғымыз келеді.

Әлеуметтік жеңілдігі бар азаматтардың санаттарына мыналар жатады:

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға;
2) жасы бойынша және еңбек сiңiрген жылдары бойынша зейнеткерлерге, сонымен қатар жасына байланысты және зейнеткерлік жасқа жеткен асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға;
3) көп балалы аналарға;
4) көп балалы отбасыларға;
5) мүгедектерге;
6) он сегiз жасқа дейiнгi мүгедек балаларға, оның ішінде ата-анасының (заңды өкiлдерінің) біреуіне ұсынылады*.

* толық тізімді transcard.kz сайтынан таба аласыз
Ақмола облысында (Целиноград және Аршалы аудандары) тіркелген жеңілдікті көлік карталарын пайдаланушылар тек қала маңындағы бағыттарда тегін жүру құқығына ие екенін естеріңізге саламыз.


Тізімге оралу

KZ  RU