29.01.2024

Жеңілдігі бар көлік картасын рәсімдеу мен алу шарттары

Жеңілдігі бар көлік картасын:
- Астана қаласында ТІРКЕЛГЕН және ТҰРАҚТЫ тұратын;
- Зейнеткерлік куәлігінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мөрімен расталған, жәрдемақы мерзімі туралы жазбасы бар жеңілдік санатындағы азаматтар рәсімдей алады.

Қажетті құжаттар:
1) жеке куәлік немесе төлқұжат (eGov, Kaspi.kz ресурстарынан цифрлық электрондық құжатты ұсынуға рұқсат етіледі.)
2) зейнеткерлік куәліктің түпнұсқасы (SOC-ID электрондық құжаты тіркелген мекенжайы көрсетілмегендіктен қабылданбайды.)
3) өлшемі 3х4 см немесе 4х6 см 1 дана фотосурет.

Жеңілдігі бар көлік картасын:
- Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайындағы Орталық кассадан;
- Transcard.kz сайтында онлайн тапсырыс беру арқылы рәсімдеуге болады.

Тізімге оралу

KZ  RU