14.03.2024

Жеңілдігі бар және мектеп көлік карталарын қайта шығару шарттары өзгертілді

Құрметті пайдаланушылар!

14 наурыздан жеңілдігі бар және мектеп көлік карталарын қайта шығару шарттары өзгертілді. Енді көлік карталарын ҚАЙТА ШЫҒАРУ үшін жүгінген кезде 3х4 см немесе 4х5 см фотосурет болуы керек. Сканерленгеннен кейін фотосурет кері қайтарылады.

Бұған дейін жеңілдігі бар картаны қайта шығару кезінде фото қажет емес еді, өйткені оған бастапқы рәсімдеу кезінде берілген, жүйедегі фотосурет пайдаланылған болатын.

Жеңілдікті және мектеп көлік картасын бастапқы және қайта шығаруға қажет құжаттар туралы еске саламыз:
Жеңілдікті санаттар үшін:
1) жеке куәліктің түпнұсқасы немесе төлқұжат;
2) зейнеткер куәлігінің түпнұсқасы;
3 ) көлемі 3х4 см немесе 4х5 см басып шығарылған түрлі-түсті фотосурет 1 дана.

Мектеп көлік картасын шығару үшін:
1) жеке куәліктің түпнұсқасы не ата-анасының немесе заңды өкілдер біреуінің төлқұжаты;
2) ЖСН-і бар туу туралы куәліктің түпнұсқасы;
3) Астана қаласының немесе қала маңындағы оқу орнынан анықтаманың түпнұсқасы;
4) көлемі 3х4 см немесе 4х5 см басып шығарылған түрлі-түсті фотосурет 1 дана.

Тізімге оралу

KZ  RU