05.01.2023

Жеңілдікті көлік картасын рәсімдей алатын азаматтардың тізімі кеңейді

Құрметті жолаушылар!

2023 жылғы қаңтар айынан бастап Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын, қалалық жолаушылар көлігі бағдарларында жол ақысын төлеуден босату түріндегі әлеуметтік көмек ала алатын азаматтар санатының тізімі кеңейді.

Енді Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 167/21-VI шешімінің 2-тарауының 5-тармағына сәйкес, әлеуметтік жеңілдігі бар азаматтардың санаттарына:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар;
2) жасы және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер, сондай-ақ жасы бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша зейнеткерлік жасқа толған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар;
3) көп балалы аналар;
4) көп балалы отбасылар;
5) мүгедектер;
6) он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар, оның ішінде ата-аналарының (заңды өкілдерінің) бірі.
7) «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған, 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда орын алған Қазақстандағы оқиғаларға қатысушылар қатарынан саяси қуғын-сүргін құрбандары жатады.

Жеңілдікті көлік картасын Орталық кассада (Р. Қошқарбаев даңғылы 50/1 мекенжайы бойынша) ресімдеуге немесе cts.gov.kz сайтында онлайн өтінім беруге болады.
!!! Жеңілдікті картаны ресімдеу алдында, нақтылау үшін 109 нөмірі бойынша Iqomek бірыңғай байланыс орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.

Тізімге оралу

KZ  RU