25.02.2025

Жеңілдікті және мектептік көлік карталарының құрметті пайдаланушылары!

1 наурыздан бастап пластикалық карталарды рәсімдеудің жаңартылған шарттары енгізіледі. Жаңа техникалық форматтағы көлік карталарына көшірілуіне байланысты енді бастапқы шығару және қайта шығару құны 1200 теңгені құрайды.

Бастапқы шығарылым оған дейін 1000 теңге, қайта шығару 2000 теңге болатын.

Қолданыстағы жеңілдігі бар және мектеп көлік карталары жарамды және ауыстырудың қажеті жоқ.

Білу маңызды!
Альтернативті нұсқа – виртуалды карталар! Оларды рәсімдеу тегін, ал жолақы төлемі QR-кодты сканерлеу арқылы жүзеге асырылады.

Көп реттік толықтыруға арналған стандартты көлік картасының құны өзгеріссіз қалады – 1000 теңге.

Жеңілдікті және мектеп көлік картасын Орталық кассадан рәсімдеуге болады: Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1.

Тізімге оралу

KZ  RU