Елорданың жеке автобус парктері жаңа автобустар сатып алуды жалғастыруда, Қытайдың 12 метрлік «HIGER» маркалы 20 жаңа автобустарымен толықты.
Оның 15-і «№ 3 автобус паркі» жеке тасымалдаушысымен сатып алынды. Қазір 8-і жеткізілді, қалғаны алдағы күндері жеткізіледі.
Ал, 5 автобусты № 7 жеке автобус паркі сатып алды.
Айта кету керек, өткен жылдың соңында № 3 автобус паркі осындай 21 автобус алды және қазіргі уақытта олар бағдарларда жүр.
Жылжымалы құрамды жаңарту жұмыстары бұдан әрі де жалғасады.