Ауа-райының салқындауына байланысты, сондай-ақ елордамыздың тұрғындары мен жұмыс берушілердің сұрауы бойынша жексенбі күні қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылмайды. Бұл күні автобустар сағат 21:00-ге дейін жүреді. Басқа күндері қоғамдық көлік
қалыпты жұмыс істейді.
⠀
Автобустар мен автопарктерде әдеттегідей әр айналымнан кейін және соңғы аялдамаларда дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.
⠀
Қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз. Автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынады.
⠀
Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді.