Бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.
Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қоғамдық көлік жұмыс күндері және сенбі күндері сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін жүріп, жексенбі күндері жұмысына тыйым салынған.
⠀
Дүйсенбі күні, 30 қарашадан бастап автобустар қалыпты кестесіне сәйкес қайтадан қатынайды.
⠀
Қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз. Автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынады.
⠀
Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді.