15.03.2023

Жиі қойылатын сұрақтар

Неге қала маңы бағдарларында мектеп көлік картасы валидациядан өтпейді?

Қала маңы бағдарларында валидациядан өту үшін мектеп көлік картасында минималды 100 (жүз) теңге теңгерім қажет.

Бұл қала маңы бағдарларындағы жол ақысын электрондық төлеу жүйесінің (валидация) техникалық ерекшелігі.

Мектеп көлік картасының теңгерімін Kaspi қосымшасы арқылы толтыруға болады: «Төлемдер» - «Көлік» - «Қоғамдық көлік» - «Көлік әмияны» бөлімінде, содан кейін мектеп көлік картасының нөмірін енгізіп, толтыру түймесін басасыз.

Төлемді 15 күн ішінде белсендіру керек.

Төлемді автобустағы валидаторда, RTVM автоматта, мамандандырылған кассаларда белсендіруге болады.

P.S. Теңгерім бір рет толтырылады және жұмсалмайды.

Тізімге оралу

KZ  RU