Көлік карталары атаулы және атаулы емес болып екі түрге бөлінеді.
Атаулы емес көлік картасы нөмірі бар, алайда белгілі бір адамға тіркелмеген.
Егер ол cabinet.transcard.kz жеке кабинетінде немесе transcard мобильді қосымшасында негізгі көлік картасы ретінде тіркелген болса, бұл карта жоғалған жағдайда қалған қаражатты қалпына келтіруге болады.
Оны екі жолмен қалпына келтіруге болады:
1. Жеке кабинет арқылы жоғалған көлік картасының теңгерімін Жеке кабинетте тіркелген басқа көлік картасына ауыстыру арқылы
2. Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайындағы орталық кассадан тапсырыс беру арқылы.
Атаулы - жеңілдігі бар көлік карталары және мектеп көлік карталары. Жеңілдігі бар және мектеп көлік карталарын қалпына келтіруге болады. Себебі, олар жүйеде ЖСН арқылы тіркелген. Атаулы картаны жоғалған жағдайда Орталық кассадан немесе cts.gov.kz сайтында онлайн тапсырыс беру арқылы.
Толық ақпаратты cts.gov.kz сайтымыздан таба аласыз.