09.09.2023

Жол жөндеу жұмыстарына байланысты Республика даңғылынан Кенесары көшесі бағытындағы «А. Иманов» және «Самал ықшам ауданы» аялдамаларына өтетін жол жабық

Аталған аялдамаларда №№ 1, 2, 3, 10, 23, 25, 31, 32, 37, 45, 52 бағдарлары уақытша жолаушыларды отырғызып, түсірмейді.

Жолаушыларды отырғызу/түсіру жақын арадағы аялдамаларда жүзеге асырылады.

Бағдарлардың қозғалыс сызбасы өзгермейді, бекітілген қозғалыс сызбасына сәйкес жүреді.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!


Тізімге оралу

KZ  RU