12.03.2024

Жолақысың төлеудің онлайн жүйесіне көшу жұмыстары жалғасуда

Жол ақысын электронды төлеу және қоғамдық көлікті диспетчерлеу жүйесін жаңарту мен жүйелерді онлайн платформаға көшіру жөніндегі жобаны іске асыру аясында бірқатар іс-шаралар өткізілді. Нақтысында өткен жылдың қараша айы мен осы жылдың қаңтар айы аралығында барлық автобустарда төлем терминалдары(планшеттері) жаңартылды, төлемнің жаңа әдістері (банк карталары, NFC, Bluetooth және т.б.) қосылды, көлік картасын лезде толықтыру мүмкін болды.

Алайда, онлайн платформаны аялдамалардағы қолданыстағы ақпарат таблоларымен біріктіру, деректерді беру хаттамаларының шектеулі үйлесімділігіне байланысты ұзағырақ уақытты қажет етеді.

Біздің мамандар бұл мәселе бойынша жұмыс істеп жатыр, жұмыс барысы туралы сіздерге хабардар етіп отырамыз. Ақпараттық табло жұмысының қалпына келтіру мерзімі туралы қосымша хабарлаймыз.

Интеграциялық жұмыстарды жүргізу кезеңінде қала тұрғындары автобустарды 2гис, Яндекс, Avtobys мобильді қосымшаларында, сондай-ақ аялдама пункттеріндегі QR жапсырмаларын сканерлеу арқылы бақылай алады.

Тізімге оралу

KZ  RU