13.02.2024

Жолақысын Beeline қосымшасымен төлеуге болады

Құрметті жолаушылар!

QR-код сканерлеу арқылы «Мой Beeline» мобильді қосымшасымен жолақысын төлеу қолжетімді.

Төлем жасау үшін «Қаржы» бөліміне өтіп «Жолақы» таңдаңыз.

Айта кетейік, интеграциялық жұмыстардың өткізілуіне байланысты, жолақысын Beelinе қосымшасымен төлеу уақытша қолжетімсіз болған еді.

QR-кодты сканерлеу арқылы елордалық автобустарда жолақысын төлеуге арналған мобильді қосымшалар:
- «Kaspi.kz»
- «Мой Activ»
- «Kcell»
- «Мой Beeline»
- «Теле2 Казахстан»
- «Altel»
- «Avtobys»
- «Halyk»

Жолақысын, сондай-ақ, көлік картасымен, «Avtobys» мобильді қосымшасының Bluetooth арнасы, екінші деңгейлі банктердің банк картасымен де төлеуге болады.

Төлем автобусқа кіргенде жүргізілетінін естеріңізге сала кетейік.

Тізімге оралу

KZ  RU