11.05.2023

Жолақысын Beeline, Tele2 және Altel мобильді қосымшаларымен төлеу қолжетімді

Осылайша, жолақысын QR-кодты сканерлеу арқылы келесі мобильді қосымшалармен төлеуге болады:

- «Kaspi.kz»
- «Homebank»
- «Tolem»
- «Мой Activ»
- «Kcell»
- «Мой Beeline»
- «Теле2 Казахстан»
- «Altel»

Жолақысын көлік картасымен де төлеуге болады. Картаны мамандандырылған кассалар мен RTVM-автоматтарда сатып алуға болады. Кассалар мен RTVM-автоматтардың мекенжайларын Transcard сайтынан және CTS қосымшасынан көруге болады.

Төлемді автобусқа кіре берісте жүргізілетінін естеріңізге сала кетейік. Жолаушыларды түсіру алдыңғы есіктен басқа барлық есіктер арқылы, ал автобусқа отырғызу алдыңғы есік арқылы жүзеге асырылады.

Мүмкіндігі шектеулі жандар, зейнеткерлер, жүкті әйелдер, мектеп жасына дейінгі баланы ерткен жолаушылар кезектен тыс кіру құқығы бар.

Тізімге оралу

KZ  RU