21.02.2024

Жолақысын борт нөмірі арқылы төлеу

Елорданың қоғамдық көлігінде жолақысын төлеудің тағы бір ыңғайлы әдісін ұсынамыз.

Бұл «Avtobys» мобильді қосымшасымен жолақысын автобустың борт (гараждық) нөмірі арқылы төлеу.

Бұл тәсіл несімен ыңғайлы? Қарап көрейік:
- QR-кодты сканерлемей-ақ, қашықтан көлік кодын енгізу арқылы төлем жасау;
- Жақындарыңыздың Сіз үшін қашықтан төлем жасап беру мүмкіндігі, яғни ол үшін көлік кодын айтсаңыз болды. Жақындарыңыз төлем жасап Сізге электрондық билетті мессенджер арқылы жібере алады.

Автобустың борт нөмірі арқылы төлеу үшін:
- «Avtobys» мобильді қосымшасында «Борт нөмірі» бөліміне өтіңіз;
- Автобустағы QR-код жапсырмасының үстінде немесе валидаторында көрсетілген нөмірді енгізіңіз;
- Төлем жасау тәсілін таңдаңыз;
- Төлемді растаңыз.

Бұл жерде төлем «Avtobys» қосымшасының теңгерімінен немесе банк картасынан (банк картасы қосымшаға тіркелген болса) алынатынын білген жөн.

Қосымшаның теңгерімін QIWI, kassa24 төлем терминалдары, интернет-банкингтер арқылы толықтыруға болады.

Осылайша, елорданың қоғамдық көлігінде жолақыны көлік картасымен, QR-код сканерлеу, «Avtobys» мобильді қосымшасында Bluetooth арнасы және автобустың борт нөмірін енгізу арқылы, екінші деңгейлі банктердің банк картасымен төлеуге болады.

Тізімге оралу

KZ  RU