Бүгін біз сізге елорданың қоғамдық көліктерінде жолақысын төлеу тәсілдері туралы еске салғымыз келеді.
Жолақысын көлік картасымен төлеуге болады, картаны сатып алу мамандандырылған кассалар мен RTVM-автоматтарда қолжетімді. Кассалар мен RTVM-автоматтардың мекенжайларын Transcard сайтынан және CTS қосымшасынан көруге болады.
Сондай-ақ, жолақысын QR-кодты сканерлеу арқылы келесі мобильді қосымшалармен төлеуге болады:
- «Kaspi.kz»
- «Homebank»
- «Tolem»
- «Мой Activ»
- «Kcell»
Төлемді автобусқа кіре берісте жүргізілетінін естеріңізге сала кетейік. Жолаушыларды түсіру алдыңғы жақтағы есіктен басқа барлық есіктер арқылы, ал автобусқа отырғызу алдыңғы есік арқылы жүзеге асырылады.
Мүмкіндігі шектеулі жандар, зейнеткерлер, жүкті әйелдер, мектеп жасына дейінгі баланы ерткен жолаушылар кезектен тыс кіру құқығы бар.