28.10.2022

Жолақысын төлеу тәсілдері

Жолақысын төлеу тәсілдері

Бүгін біз сізге елорданың қоғамдық көліктерінде жол жүру ақысын төлеу тәсілдері туралы еске салғымыз келеді.

Жол жүру ақысын көлік картасымен төлеуге болады, картаны сатып алу мамандандырылған кассалар мен RTVM-автоматтарда қолжетімді. Кассалар мен RTVM-автоматтардың мекенжайларын Transcard.kz сайтынан және CTS қосымшасынан көруге болады.

Сондай-ақ, жолақысын QR-кодты сканерлеу арқылы келесі мобильді қосымшалармен төлеуге болады:

- «Transcard»
- «Kaspi.kz»
- «Tele2 Казахстан»
- «Рахмет»
- «SMSBUS Пассажир»
- «Homebank»
- «Мой Activ»
- «Qiwi»
- «Мой Beeline»
- «Plus 24»
- «Altel»
- «Казпочта».

Астанада және елорданың қала маңындағы аудандарында тұратын 18 жасқа дейінгі балаларға жол жүру тегін.
Бұл үшін, балаларда өзімен бірге мектеп көлік картасы болуы қажет және автобусқа кірген кезде валидация өткізу қажет.

Астана қ. маңы елді-мекендерінің жеңілдігі бар санаттары тегін жол жүру құқығы үшін жергілікті әкімдікке жүгінулері қажет.

Тізімге оралу

KZ  RU