27.02.2024

Жолақысын трекинг арқылы төлеу

Құрметті жолаушылар!

Астана қ. қоғамдық көлігінде жолақысын трекинг функциясы арқылы төлеуге болады. Ол үшін «Avtobys» мобильді қосымшасының картасынан автобусты таңдау қажет.

Трекингпен төлеу үшін:
- маршруттар бөліміне өтіңіз;
- қажетті бағдарды таңдаңыз;
- белгішені басу арқылы автобусты таңдаңыз;
- төлеу функциясын басыңыз;
- төлемді растаңыз.
Төлем «Avtobys» қосымшасының теңгерімінен немесе банк картасынан (банк картасы қосымшаға тіркелген жағдайда) алынады.
Қосымшаның теңгерімін QIWI, kassa24 төлем терминалдары, интернет-банкингтер арқылы толтыруға болады.

Естеріңізге сала кетейік, елорданың қоғамдық көлігінде жол ақысын:
- көлік картасы;
- QR-код сканерлеу;
- Bluetooth арнасы;
- банк картасы;
- NFC құрылғылары;
- автобустың борт нөмірі;
- трекинг функциясы арқылы төлеуге болады.

Тізімге оралу

KZ  RU