18.06.2024

Жолаушылар 900 мың сапар жасады

Елорданың қоғамдық көлігінде жолаушылар ағынының ең жоғарғы көрсеткіші – 900 мың сапар тіркелді. Бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда едәуір жоғары. Мысалы, 2023 жылы бұл көрсеткіш 754 909 сапар болса, 2022 жылы 741 391 сапар болды.

Күнделікті қала көшелерінде 100 бағдар бойынша 1 067 автобус қызмет көрсетеді. Орта есеппен тәулігіне 774 631 сапар жасалады.

Оның ішінде 18 % жеңілдік санатындағылар, 15 % мектеп карталары бойынша сапарлар құрайды. QR-код арқылы төлем жасалған сапарлар үлесі – 56 %, көлік карталарымен төленген сапарлар – 44 % құрайды. Сапарлардың 5 % айлық жол жүрумен жасалады.

Көрсеткіштің бұлай өсуіне өткен жылдан бері автобустардың жаңартылуы, автобус санының артуы, сондай-ақ, жаңа бағдарлардың қосылуы біршама әсерін тигізді.

Тізімге оралу

KZ  RU