CTS көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері Астана қ. бойынша көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп елорда тасымалдаушыларының жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелерін сақтауын тексеруге арналған рейд жүргізді.
Рейд барысында 40-тан астам автобус тексеріліп, оның 19-нда ережені сақтамаудың 36 фактісі анықталды.
Бұл құқық бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде әкімшілік ықпал етудің процестік шешімдері қабылданады. Сондай-ақ, алдын алу шараларын қабылдау үшін автобус парктерінің басшылығымен кездесу өткізу жоспарланды.
Айта кетейік, биыл CTS пен Астана қ. бойынша Көліктік бақылау инспекциясы өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойған болатын. Меморандум аясында бірлескен тексеру жұмыстарын жүргізу одан әрі жалғасады.