CTS Көліктік бақылау департаменті қызметкерлері «Elaman» әлеуметтік инновациялық жобалар қорының төрағасы, Астана қаласы «Есіл ауданы әкімінің аппараты» ММ инклюзияны дамыту жөніндегі кеңесшісі Жанат Атығайұлы Қабдолламен Астана қаласының жылжымалы құрамына жоспарлы бірлескен мониторинг ұйымдастырды.
Мониторинг аясында пандустардың жұмыс жағдайы, мүмкіндігі шектеулі топтарға арналған орын, мүмкіндігі шектеулі жандарды отырғызу және түсіру бойынша жүргізушілердің нұсқаулықты білуіне аса назар аударылды.
Барлығы 19 автобус тексеріліп, оның ішінде 3 жүргізушіге отырғызу кезінде қолғапты пайдаланбағаны үшін, 6 жүргізушіге мүмкіндігі шектеулі жандарды отырғызу/түсіру жөніндегі нұсқаулықты білмегені үшін ескертулер жасалды.