29.08.2023

ЖТЭЖ және диспетчерлеудің жаңа жүйесін тестілеу

Құрметті жолаушылар!

Электронды жол ақысын төлеу және диспетчерлеу жүйесінің жаңа жабдықтарымен жабдықталған жаңа автобустар ТЕСТТІК режимде линияға шықты. Тестілеу жабдықты тексеру және ықтимал қателерді анықтау үшін қажет.

Жаңа автобустар қолданыстағы № 3 және № 61 бағдарларына жіберілді.

Жүйені толық қосқанға дейін жол ақысын төлеу қолданыстағы тәсілдермен жүзеге асырылады: QR-код және «Transcard» көлік картасы арқылы. Аталған тәсілдермен қатар, кейін екінші деңгейдегі банктердің банктік картасымен, NFC технологиясы арқылы және Bluetooth арнасы арқылы төлеу мүмкіндігі пайда болады.

Жаңа жүйеге толық көшу 2023 жылдың соңына дейін аяқталады.

Тізімге оралу

KZ  RU