Қазіргі уақытта жол ақысын төлеудің жаңа электрондық жүйесіне көшу жұмыстары кезең кезеңімен жүргізіліп жатыр. Осы жұмыстардың аясында қаладағы автобустардың жалпы санының 38 % құрайтын 487 автобус ЖТЭЖ және диспетчерлеудің жаңа жабдықтарымен жабдықталды.
Сондай-ақ, жаңа жүйеге көшу аясында QR-кодтары бар жапсырмалар ауыстырылады. Сондықтан кейбір автобустарда әртүрлі QR-кодтар болуы мүмкін. Бірақ төлемді жапсырмадан да, планшеттен де төлеуге болады.
Айта кетейік, жол ақысын төлеудің жаңа жүйесіне көшу «Онлайн» режимде жұмыс істейтін болады және көлік карталарын онлайн режимде лезде толықтыруға мүмкіндік береді, жол ақысын төлеу тәсілдері кеңейтіледі: екінші деңгейдегі банктердің банк карталарының көмегімен, NFC байланыссыз төлемі (смартфон, смарт сағат), Bluetooth технологиясы.
Жаңа жүйеге толық көшуді 2024 жылдың 1 тоқсанында аяқтау жоспарлануда.