20.08.2024

Жыл басынан бері 14 мыңнан аса жолаушыға айыппұл салынды

Жыл басынан бері CTS көліктік бақылау департаменті қоғамдық көлікте жол ақысын төлеуден жалтарған 320 520 жолаушы анықтады. Оның 15 228-іне полиция қызметкерлері хаттама толтырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұл сомасы 112 млн теңгеден асады.

Жолаушыларымыздан қоғамдық көлікте жол ақысын уақтылы төлеуін сұраймыз.

Жол ақысын төлей отырып, сіз қоғамдық көліктің дамуына үлес қосасыз. Сіздің төлеміңіз:
- Жылжымалы құрамды жаңартуға, автобустар санын көбейтуге және жаңа маршруттарды ашуға.
- Жолаушылар ағынын саралауға: әрбір төленген жол жүру және жүргізілген валидация бойынша біздің мамандар жолаушылар ағынының нақты санын алады. Бұл маршруттық желіні дұрыс құруға, бағдарларды өзгертуге және қосуға, шамадан тыс жүктелген бағыттарға жүктемені азайтуға және көлік қызметін оңтайландыруға көмектеседі;
- Жанар-жағармай сатып алуға және жүргізушілердің жалақысын төлеуге,осылайша қоғамдық көліктің үздіксіз жұмыс жасауына ықпал етеді.

Жол ақысын уақытылы төлеп, қоғамдық көліктің барлығына ыңғайлы болуына көмектесіңіз!

Тізімге оралу

KZ  RU