CTS көліктік бақылау департаменті жыл басынан қоғамдық көлікте жолақы төлемеген 351 988 жолаушы анықтады. Оның 16 653-іне полиция қызметкерлері хаттама толтырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұл сомасы 122 млн теңгеден асады.
Бұдан бөлек, қаңтар-тамыз айлары аралығында, төлемді тексеру нәтижесінде басқа тұлғалармен пайдалануда болған 1 039 жеңілдікті және мектеп көлік карталары тәркіленді. Оның ішінде - 235 жеңілдікті, 804 - мектеп көлік картасы.
Айта кетейік, уәкілетті қызметкер жеңілдікті және мектеп көлік карталарын басқа адаммен пайдаланғанын анықтаған жағдайда, оны акт рәсімдеу арқылы алып қоюға құқығы бар. Тәркіленген карталар қайтарылмайды және автоматты түрде бұғатталады.
Құрметті жолаушылар, жолақысын төлеп жүруіңізді сұраймыз. Осылай сіздер автобустарды жаңартуға, бағыттардағы автобус санын көбейтуге және жаңа бағыттарды қосуға, яғни қоғамдық көліктің дамуына өз үлесіңізді қосасыздар.