Айта кетейік, бүгінгі таңда елордалық автобус парктерінде 700-ден астам қоғамдық көлік жүргізушісі жетіспейді.
Жұмысқа қабылдау кезінде жүргізушілер міндетті түрде CTS @cts_qc көлік мамандарының біліктілік орталығында оқудан өтеді
Ағымдағы жылдың басынан бері біліктілік орталығында маршруттық көлік құралының 541 жүргізушісі оқудан өтті, олардың қатарына жаңадан қабылданған және қолданыстағы жүргізушілер кіреді.
Естеріңізге сала кетейік, CTS Біліктілік орталығында "оқимын" деушілер үшін халықаралық стандарттар бойынша білім беріледі:
⠀
- әртүрлі санаттағы жүргізушілерді дайындау және қайта даярлау;
- көлік мамандарының біліктілігін арттыру;
- кеңесшілерді оқыту;
- такси жүргізушілерін қайта даярлау;
- көлік кешені қызметкерлерінің кәсіби мәдениетін жоғарлату және т.б.
⠀
Сонымен қатар Орталықта психологиялық және психофизиологиялық тестілеу, жол қозғалысы ережелері мен нормативтік құқықтық актілер бойынша білімін тестілеу өткізіледі. Кәсіби шеберлікті арттыру үшін тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылады.
⠀
Орталықта дәріс оқитын залдар, теориялық және практикалық сабақтарды өткізуге арналған компьютерлік кабинеттер, сондай-ақ арнайы жабдықталған технологиялық кабинет бар.
⠀
CTS біліктілік орталығының мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр д-лы, 33, «Есіл» ауданы әкімдігінің ғимараты.
⠀
Жұмыс телефоны: 8 (7172) 27-01-07
What's App: + 7 (771) 958-29-17