Компания қызметі

2014
  • маршруттық желіні жаңғырту басталды (1 кезең);
  • жолаушылар көлігін диспетчерлеу орталығы құрылды;

  • диспетчерлеу жүйесінің жаңа бағдарламалық жасақтамасы енгізілді;

  • көлік мамандарының біліктілік орталығы құрылды;

  • IVECO маркалы заманауи автобустардың 358 бірлігі сатып алынды;

  • зияткерлік көлік жүйесі (ITS) жобасының 1-кезеңі енгізілді.

2015
  • көліктік бақылау департаменті құрылды;
  • Bus Lane қоғамдық көлігінің бөлінген жолақтары енгізілді (1 кезең);
  • 27 жылы аялдама кешені орнатылды.
2016

  • қала маңындағы және экспресс-маршруттар енгізілді;

  • Bus Lane қоғамдық көлігінің бөлінген жолақтары енгізілді (2 кезең);

  • Кенесары көшесі мен Абай даңғылында бір жақты қозғалыс енгізілді;

  • жол ақысын төлеудің электрондық жүйесін (ЖТЭЖ) енгізу басталды;

  • IVECO маркалы заманауи автобустардың 210 бірлігі сатып алынды.

2017
  • IVECO маркалы заманауи автобустардың 170 бірлігі сатып алынды;

  • ақылы автотұрақтардың пилоттық жобасы енгізілді;

  • "Астана ЭКСПО-2017" Халықаралық мамандандырылған көрмесіне көліктік жоспарлау және қызмет көрсету қамтамасыз етілді;

  • "Нұр-Сұлтан-1" теміржол вокзалында және "Нұрсұлтан Назарбаев"халықаралық әуежайында ақылы тұрақтар іске қосылды.


2018
  • 100% маршруттық автобустар жол ақысын төлеудің электрондық жүйесімен жабдықталды;

  • қоғамдық көлікте жол жүруге сараланған тариф енгізілді;

  • субсидиялаудың жаңа саясаты бекітілді;

  • маршруттық желіні кешенді жаңғырту жүргізілді;

  • жол жүрудің қолма-қол ақшасыз төлем үлесі 93% құрады.
2019
  • 100 бірлік электробус сатып алынды;

  • электробустардың бірінші маршруты іске қосылды;

  • Зияткерлік көлік жүйесі (ITS) жобасының 2-ші кезеңі енгізілді;

  • көлік карталарын пайдаланушылардың Жеке кабинеті және"TRANSCARD" мобильді қосымшасы іске қосылды;

  • жол жүрудің қолма-қол ақшасыз төлем үлесі 97% - ды құрады.

2020
  • компанияның заңды атауының өзгеруімен ребрендинг жүргізілді;

  • "Astana Bike" автоматтандырылған велопрокат сервисі басқаруға қабылданды;

  • жол жүрудің қолма-қол ақшасыз төлемінің үлесі 100% құрады.

2021
  • жаңа 5 бағдар іске қосылды (26, 30, 45, 69, 323);

  • бағдарлар кестесі оңтайландыру;

  • 12 бағдардағы жылжымалы құрамды жаңарту;

  • 8 жаңа учаскеде Bus Lane желісін енгізу;

  • жеңілдігі бар көлік картасы мен мектеп көлік карталарын шығаруға онлайн өтінім беру;

  • корпоративтік портал әзірленді (Заңды тұлғалардың карталарын айлық жол жүрумен толықтыру үшін);

  • фандоматтар (Көлік карталарын толықтыру мүмкіндігі қарастырылған);

  • автотұрақтардағы тұрақ орындарын онлайн түрде жалға алу мүмкіндігі;

  • velobike.kz сайтында онлайн тіркелу;

  • мектеп асханаларында мектеп көлік картасымен төлем жасау жобасына қатысу.

2022
  • QR код сканерлеу арқылы төлем жасау кезінде тайм-аут енгізілді (төлем жасауға 20 секунд күту уақыты беріледі);

  • ЖЭТЖ жаңғырту бойынша пилоттық жобалар (әлеуетті жеткізушіні таңдау жүргізілуде).

2023
  • ЖТЭЖ және диспетчерлеудің жаңа онлайн жүйесіне көшу
  • Жол ақысын төлеудің жаңа тәсілдерін енгізу
  • 6 қалалық және 2 қала маңындағы жаңа бағдарларын іске қосу– 27, 49, 57, 66, 84, 85, 328, 329
  • Сенімгерлік басқаруға 5 паркинг қабылданды (Қ. Мұхамедханов көшесі, 16/2, Ш. Құдайбердіұлы даңғылы, 2в, Р. Қошқарбаев даңғылы, 43, Абылай хан даңғылы, 56 және 56 а үй)
  • «Astana bike» жобасы бойынша 45 және 60 минут тегін пайдалануды қарастыратын абонементтер енгізілді
  • «Astana Bike» қосымшасын қосу
2024
  • Жол ақысын төлеудің тәсілдері кеңейтілді: банк картасы, NFC, Bluetooth
  • Оқушылар мен жеңілдігі бар азаматтар үшін виртуалды жол жүру тарифтері енгізілді
  • Көлік карталарының жарамдылық мерзімі 10 жылға дейін ұзартылды
  • Көлік карталарын толықтыру нүктелері көбейтілді (Ю станция, Касса24)
  • Көлік карталарын iStop сауда-аялдама павильондарынан сатып алу мүмкін болды. (20 нүкте)
  • 315 жаңа автобус сатып алынды
  • Жаңа бағдарлар іске қосылды:
    • 5 экспресс: №№501, 502, 503, 504, 505
    • 5 қалалық: №№ 42, 58, 62, 63 және бір айналмалы 55 бағдар
    • 3 түнгі: №№201, 202, 203
  • Автобустардың жалпы саны 1670 жетті
  • Автобустар 94 % жаңарды
  • Автобустардың орташа жасы 4,7 жасқа төмендетілді
  • 40 бағдардың қозғалыс сызбалары оңтайландырылды:
    • 14 бағдардың қозғалыс сызбасы ұзартылды: №№ 15а, 13, 32, 51, 53, 302, 303, 320, 323, 312, 20, 14, 63
    • 22 бағдардың қозғалыс сызбасы өзгертілді
    • 4 бағдардың қозғалыс сызбасы түзетілді: 10, 12, 33, 52
  • Кестелер саны 147 бірлікке артты
  • Бағдарларды орташа күту аралығы 2 минутқа қысқарды
  • Максималды жолаушылар легі 950 мың сапарды құрады
  • Автобустардың дизайны жаңартылды
  • Қоғамдық көлік мәселелері бойынша азаматтармен 20 кездесу ұйымдастырылды
  • Көлік мамандарының біліктілік орталығында:
    • 1070 қоғамдық көлік жүргізушісі
    • 403 бақылау-желілік қызметкері
    • 33 такси жүргізушісі оқытылды
  • Bus Lane бөлінген жолағы Ш. Айтматов көшесі, Мәңгілік ел даңғылы, Әл-Фараби даңғылында енгізілді
  • «Астана қаласының қоғамдық көлігіндегі бейнеаналитика жүйесі» жобасы пилоттық іске қосылды
  • Білім беру мекемелерінде жолаушыларды тасымалдау, ЖҚЕ және көлік карталарын пайдалану ережелерін түсіндіру бойынша көшпелі іс-шаралар өткізілді
  • Серіктестік Халықаралық қоғамдық көлік одағының (UITP) ресми мүшесі болды
  • LRT:
    • жұмысшылар саны 2,5 мың адамға жетті;
    • Тіректерді тұрғызу жұмыстары 100 %-ға аяқталды;
    • Ұзындығы 22,4 км құрайтын LRT эстакадасының арқалықтарын төсеу аяқталды;
    • Есіл өзені арқылы өтетін LRT аспалы көпірінің құрылысы аяқталды;
    • Рельстерді төсеу басталды, LRT тәжірибелік учаскесінде жарты шақырым рельс салынды;
    • LRT станцияларының негізгі конструкцияларының құрылысы аяқталды, №101 станциясының құрылысы 100 % аяқталды;
    • LRT пойыз операторларын оқытуға алдын ала іріктеу жүргізілді;
    • LRT депосының құрылысы басталды;
    • Таншань қ. CRRC зауытынан жылжымалы құрамды жеткізуге меморандумға қол қойылды.
2025

Халықаралық тәжірибе

📍Нидерланд, Амстердам қ. 16-19 сәуір

"INTERTRAFFIC AMSTERDAM" халықаралық көрмесі. Көлік инфрақұрылымы және жол қауіпсіздігі көрмесі.

📍 Түркия, Стамбул, Кайсери 23-27 маусым

Экологиялық автобустарды дамыту тақырыбы бойынша UITP базасындағы халықаралық конференция.

📍 Беларусь Республикасы, Минск 23-27 маусым

Көлік инфрақұрылымы мәселелерімен айналысатын ұйымдарды шақыру шеңберіндегі сапар.

📍 Әзірбайжан Республикасы, Баку 14-18 қазан

«Caspian Construction Week» конференциясына қатысу.

📍Біріккен Араб Әмірліктері, Дубай 24 қазан

CTS Басқарма төрағасы Асылбек Жексенбайұлы Дүйсебаевтың Дубай қаласындағы «Roads and Transport Authority» (RTA) тәуелсіз көлік кәсіпорнына жұмыс сапары.

📍 Сингапур 6-8 қараша

Көлік және инфрақұрылым саласындағы жетекші мамандар мен сарапшыларға арналған «SITCE 2024» конференциясы.

📍 ҚХР ҰБТ 28-30 қараша

Таншань қ. Жылжымалы құрам өндіру зауыты Вагондардың ішкі және сыртқы әрлеуімен танысу, сондай-ақ оларды дайындау мен жеткізудің алдын ала мерзімдерін талқылау.

Тяньцзинь қ. Теміржол көлігін басқару орталығы Диспетчерлерді, машинистерді және басқа мамандарды оқыту жоспарларын талқылау.

📍 РФ, Рязань-Мәскеу 16-19 желтоқсан

«Астана қаласының қоғамдық көлігінде жол ақысын төлеуді бақылау процестерін жаңғырту» пилоттық жобасы шеңберіндегі сапар.

KZ  RU