Беков Нуржан Амангельдыевич

Басқарушы директор – Басқарма мүшесі

Басқарушы директор – Басқарма мүшесі «Астана қаласының жаңа көлік жүйесі. LRT. 1-кезек» жобасы бойынша жұмысты үйлестіреді.
Қазақстан Республикасының азаматы. 1991 жылы туған.
2013 жылы М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын «Құрылыс» мамандығы бойынша, 2022 жылы Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль - жол институтын «Автомобиль жолдары мен әуеайлақтардың құрылысы» мамандығы бойынша аяқтаған, техника ғылымдарының магистрі дәрежесіне ие.
Еңбек жолын 2012 жылы «Қазақстан жол ғылыми - зерттеу институты» АҚ автомобиль жолдарын диагностикалау және жобалау бөлімінде зертханашы болып бастады. 2013 жылғы тамыздан 2014 жылғы қаңтар аралығындағы кезеңде «ДС Нойбург» ЖШС-де шебер, 2-санатты маман болып жұмыс істеді.
2014 жылғы ақпаннан 2023 жылғы шілдеге дейін «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ-да Автожолдар желісін дамыту және инвестициялық жобалар департаменті жобаларды іске асыру басқармасының жетекші маманы, бас маманы, Торапты дамыту департаменті күрделі құрылыс басқармасының бас маманы, күрделі құрылыс басқармасының бастығы, Торапты дамыту департаментінің бас менеджері, директорының орынбасары, «ҚазАвтоЖол» АҚ Түркістан облыстық филиалы директорының орынбасары лауазымдарында жұмыс істеді.
2023 жылғы шілдеден 2023 жылғы тамызға дейін «LRT құрылысы жөніндегі дирекция» ЖШС бас директорының орынбасары қызметін атқарды.
2023 жылғы тамыз айында «City Transportation Systems» ЖШС Басқарушы директоры – Басқарма мүшесі лауазымына тағайындалды.

Беков Нуржан Амангельдыевич
KZ  RU