30.05.2024

№ 55 бірінші айналма бағдар

1 маусымнан бастап Астана қ. алғаш рет № 55 айналмалы бағдары іске қосылады.

Бағыт елорданың «Министрліктер Үйі», «Хан Шатыр» СОО», «Гүлжан» СҮ», «Роза Бағланова ат. Қазақконцерті», «Е. Рахмадиев атындағы филармония» сияқты негізгі көлік тораптарын қамтиды.

№ 55 бағдардың бірыңғай соңғы аялдамасы «№2 Ақмола облыстық ауруханасы» болады. Бағытын нөмірлеудегі әріптер бойынша анықтауға болады: А – сағат тілімен, Б – сағат тіліне қарсы.

Бағдармен «Iveco Urbanway» маркалы 20 автобус жүреді. Қозғалыс аралығы 8-15 мин. құрайды.

Айналмалы бағдар қоғамдық көліктің қызметін жақсартуға және негізгі магистральдік көшелердің көлік қатынасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, 23 бағдардың жүктемесін азайтуға ықпал етеді. (№№ 5, 5А, 8, 9, 11, 13, 17, 22, 22А, 23, 26, 28, 31, 32, 33, 46, 50, 51, 53, 56, 60, 66, 73).


Тізімге оралу

KZ  RU