«City Transportation Systems» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) хабарлайды.
Серіктестіктің жылжымайтын мүлкін беру бойынша өткізілген конкурсқа сәйкес:
- Достық көшесі, 13 («Нұрсая-2» ТК);
- Ш. Құдайбердіұлы даңғылы, 2 В.;
- Р. Қошқарбаев даңғылы, 60;
- Р. Қошқарбаев даңғылы, 43
мекенжайлары бойынша орналасқан паркингтер (тұрақ орындары) «Smart Parking Technologies» ЖШС басқаруына берілді.
Жоғарыда аталған паркингтерге қызмет көрсету мен операциялық басқаруды «Smart Parking Technologies» ЖШС жүзеге асыратын болады. Қызмет көрсету мәселелері бойынша «Smart Parking Technologies» ЖШС-не мына мекенжай бойынша хабарласуға болады: Астана қ., Бейбітшілік к., 25, («Өркен» БО), 121 кабинет.
Телефон: +7 705 260 07 00
Тұрақ орындарын жалға алуға өтінімдері Серіктестіктің parking.transcard.kz сайты арқылы қабылданады.