31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.
Қазақстанда қуғын-сүргін жылдары жүз мыңнан астам адам әділетсіз сотталып, 25 мың адам өлім жазасына кесілді.
Қазақстан аумағында лагерлер мен қамау орындары бас басқармасы (ГУЛАГ) жүйесінің 11 мекемесі жұмыс істеді. Солардың бірі Астанаға жақын орналасқан Отанын сатқандардың әйелдерінің Ақмола лагері (АЛЖИР). Онда әр жылдары 18 мыңнан астам әйел қамауда болды.
Бүгінгі күні АЛЖИР тарихи мұражай-мемориалдық кешенге айналды. Ол Ақмола облысы Целиноград ауданы Ақмол ауылында орналасқан.
Мұражайға келесі бағдарлармен жетуге болады: 305, 312.