23.05.2024

729 жеңілдікті және мектеп көлік карталары тәркіленді

Жыл басынан CTS көліктік бақылау Департаменті қызметкерлері қоғамдық көлікте жолақысын төлеуді тексеру барысында басқа тұлғалармен пайдалануда болған 729 жеңілдікті және мектеп көлік карталарын тәркіледі. Өзге адамның картасын пайдалану себебін жолаушылар көбіне «шатастырып алдық» деп түсіндіреді.

Айта кетейік, уәкілетті қызметкер жеңілдікті және мектеп көлік карталарын басқа адаммен пайдаланғанын анықтаған жағдайда, оны акт рәсімдеу арқылы алып қоюға құқығы бар. Тәркіленген карталар қайтарылмайды және автоматты түрде бұғатталады.

Бұдан бөлек, СTS көліктік бақылау департаменті қызметкерлерімен жыл басынан жолақысын төлеуден жалтарған 168 913 жолаушы анықталды. Оның 8 632-сіне хаттама толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұл сомасы 63 млн теңгеден асады.

Билетсіз жол жүргенге салынатын айыппұл мөлшері – 2 АЕК, 7 384 теңге.Жыл басынан CTS көліктік бақылау Департаменті қызметкерлері қоғамдық көлікте жолақысын төлеуді тексеру барысында басқа тұлғалармен пайдалануда болған 729 жеңілдікті және мектеп көлік карталарын тәркіледі. Өзге адамның картасын пайдалану себебін жолаушылар көбіне «шатастырып алдық» деп түсіндіреді.

Айта кетейік, уәкілетті қызметкер жеңілдікті және мектеп көлік карталарын басқа адаммен пайдаланғанын анықтаған жағдайда, оны акт рәсімдеу арқылы алып қоюға құқығы бар. Тәркіленген карталар қайтарылмайды және автоматты түрде бұғатталады.

Бұдан бөлек, СTS көліктік бақылау департаменті қызметкерлерімен жыл басынан жолақысын төлеуден жалтарған 168 913 жолаушы анықталды. Оның 8 632-сіне хаттама толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұл сомасы 63 млн теңгеден асады.

Билетсіз жол жүргенге салынатын айыппұл мөлшері – 2 АЕК, 7 384 теңге.

Тізімге оралу

KZ  RU