Бүгін CTS ЖШС Басқарма төрағасы Ғ.Ж. Тәжиевтің басшылығымен Астана қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасарының, «Астана қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» ММ басшысының, елорданың автобус парктері басшыларының, парктердің қозғалыс қауіпсіздігі инженерлерінің және Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерінің қатысуымен бірлескен жұмыс кеңесі өтті.
Биыл Серіктестік Астана қаласының Полиция департаментімен және Астана қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясымен автомобиль көлігінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелерін сақтау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл туралы меморандумдар жасасты.
«Аталған қызметтермен бірлесіп жұмыс істеу оң нәтижелерін беруде – жол ақысын төлеуден жалтарған адамдарға қатысты неғұрлым жедел шаралар қабылдануда, БКҚ-дан бейнежазбалардың мәліметтері анықтау органдарына уақтылы ұсынылуда және т.б.» - деп атап өтті Ғ. Тәжиев.
Кеңес барысында қоғамдық көлік жүргізушілерінің 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында ЖҚЕ бұзушылықтарын және жол-көлік оқиғаларын талдау мен рейтингі таныстырылды, авариялық ахуалы жоғары бағдарлық желі учаскелерінің, сондай-ақ соңғы аялдама пункттерінде бағдарлық көлік құралдарының бұрылуы үшін кедергілер жасалатын проблемалық орындардың мәселелері қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша автокөлік қозғалысын жетілдіру жөніндегі жобаларды бекіту, қозғалыс үшін кедергілер тудыратын аялдама пункттерінің орналасу орындарын өзгерту, соңғы аялдама алаңдарын абаттандыру, жол белгілерін, оның ішінде көліктің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін сфералық айналарды орналастыру туралы шешім қабылданды.
Сондай-ақ, тараптар қоғамдық көлік жүргізушілері жол беретін құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар мен бірқатар іс-шараларды жиі өткізу туралы уағдаластыққа келді.