17.01.2023

Мектеп көлік карталары туралы ақпарат

Құрметті ата-аналар!

Мектеп көлік картасын екі жолмен алуға болады. Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайындағы орталық кассадан немесе cts.gov.kz сайтында онлайн тапсырыс беру арқылы.

Кассадағы кезектерді болдырмау үшін Сіздерге «cts.gov.kz» ➡«жолаушыларға» ➡«көлік карталары» сайтта мектеп көлік картасын онлайн ресімдеуді пайдалануға кеңес береміз. Бұл ретте Сіз ең жақын тастаматқа дейін жеткізуге тапсырыс бере аласыз.

Мектеп көлік картасын алу үшін міндетті түрде оқу орнынан анықтама қажет (мектеп, колледж). Сондай-ақ, ЖСН бар туу туралы куәлік (жеке куәлік) және 3х4 бір фото. Кассаға жүгінген жағдайда қосымша ата-анасының бірінің жеке куәлігі.

Мектеп көлік картасын алғашқы алу құны 1000 тг. Қайта шығару - 2000 теңге.
Кассада тек қолма-қол ақшамен немесе банк картасымен төлемді жасауға болады.

Еске сала кетейік, елордада қала және Астана қ. маңында тұратын 18 жасқа дейінгі оқушылар ғана қоғамдық көлікте тегін жүреді. Ол үшін мектеп көлік картасы болуы керек және оны автобус салонында валидациялау қажет.

Тізімге оралу

KZ  RU