23.01.2023

Жеңілдік карталарын үшінші тұлғаларға бермеңіз

Құрметті жолаушылар, атаулы жеңілдігі бар көлік карталарын үшінші тұлғаларға бермеуіңізді сұраймыз!

2022 жылы Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері жеңілдігі бар азаматтар санаттарына жатпайтын жолаушылардан 2374 жеңілдігі бар көлік карталарын тәркіледі.

Автобустарда көлік карталарын валидациялауға ұмытпаңыздар. Санаттарына қарамастан, барлық жолаушылар автобустарда көлік карталарын валидациялауға міндетті. Бұл қоғамдық көлікті дамыту мақсатында маңызды. Сондай-ақ бағдарлардағы жолаушылар санын анықтау үшін ерекше қажет.

Тізімге оралу

KZ  RU