15.08.2023

Жуырда № 49 және № 57 жаңа бағдарлар іске қосылады

Елорда тұрғындарына қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында Астана қаласында маршруттар саны артады. 31 тамыздан бастап желіге екі жаңа бағдар шығады - №49 және №57.

№ 49 бағдар Мамандандырылған ХҚКО-ны Бас мешітпен байланыстырады. Бұл "Көктал-1" – "Көктал-2" ТА және "Көктал" паркі "Жағалау" ТА-мен көлік байланысын жүзеге асырып, Ш. Айтматов, Сығанақ және Бас мешіт көшелеріне көліктік қызмет көрсетуді жақсартады.

№ 57 бағдар "Нұрлы жол" теміржол вокзалы мен Қазыбек би көшесін біріктіреді. Бұл бағытты іске қосу Төле би көшесінде қызмет көрсетуге, Сығанақ, Сарайшық және А. Байтұрсынов көшелерінде көлік қатынасын жақсартуға мүмкіндік береді. Осылай, №40 бағдардың жүктемесі төмендетіледі. Сондай-ақ, Р. Қошқарбаев даңғылында автобустарды іске қосу мүмкіндігі пайда болады.

Тізімге оралу

KZ  RU