Бос лауазымдар атауы
- Станциялардың ауысым басшылары;
- Станция кезекшілері;
- Жылжымалы құрам орталығының қозғалыс диспетчерлері;
- Жылжымалы құрам орталығының орталықтандыру бекетінің диспетчерлері;
- LRT жабдықтары мен инфрақұрылымын басқару орталығының диспетчерлері;
- Жабдықтар мен инфрақұрылымды басқару орталығының сигнализация техниктері;
- Жабдықтар мен инфрақұрылымды басқару орталығының байланыс техниктері;
- Жабдықтар мен инфрақұрылымды басқару орталығының электр монтерлері;
- Жабдықтар мен инфрақұрылымды басқару орталығының жол жөндеу учаскесінің шеберлері;
- Жылжымалы құрам орталығының жабдықтарды жөндеу слесарлары;
- Қойма меңгерушілері.
Құрылымдық бөлімшенің атауы:
LRT
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- жоғары немесе орта арнайы білім (көлік, машина жасау, электротехника немесе ұқсас бағыттар);
- кемінде 2 жыл еңбек өтілі.
Позициялар сипаттамасы:
Жұмыс беруші есебінен жеңіл рельсті көлік жүйесінде жұмыс істеу үшін болашақ қызметкерлерді оқыту көзделеді. Теориялық және практикалық дайындық Қазақстанда және Қытай Халық Республикасында өтеді.
Курс ұзақтығы – мамандыққа байланысты 4-тен 6 айға дейін.
Оқуды аяқтаған соң маман халықаралық үлгідегі сертификатқа ие болады.
Оқуды сәтті аяқтаған барлық қатысушылар LRT бөлімшелерінде жұмысқа орналастырылады.
Жұмысқа қабылдау Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Бағдарламаның мақсаты:
LRT басқару жүйесінде – пойыздардың жүргізушісіз қозғалысын, сенімді байланысты және барлық қызметтердің үйлесімді жұмысын қамтамасыз ететін жоғары технологиялық кешенде жұмыс істей алатын қазақстандық білікті мамандарды даярлау.
Жұмыс режимі:
Оқу кезеңінде бес күндік жұмыс аптасы көзделген. Жұмысқа орналастырылғаннан кейін лауазымға байланысты бес күндік немесе ауысымдық кесте.
Қосымша ақпарат:
Түйіндемелерді hr@cts.gov.kz электрондық поштасына жолдау қажет.
Байланыс телефоны: +7 (7172) 577 177 (ішкі 102 немесе 207).