Көліктік бақылау департаменті (КБД)-бұл Астана қаласының қоғамдық көліктерінде жолаушылар мен багажды тасымалдау қызметтерінің сапасына мониторинг жүргізетін "City Transportation Systems" ЖШС құрылымдық бөлімшесі.
КБД негізгі функциялары:
-
Астана қаласының тасымалдаушылары (бұдан әрі – Тасымалдаушылар) ұсынатын жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау жөніндегі қызметтер сапасының мониторингі;
-
Астана қаласының қоғамдық көлігінің қалалық және қала маңындағы маршруттарында жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушылар қызметіндегі бұзушылықтарды мониторингілеу және анықтау;
-
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қоғамдық көлікте жол жүру ақысын төлеуден жалтаруға байланысты Астана қаласының қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлік маршруттарындағы бұзушылықтарды мониторингілеу және анықтау;
-
Астана қаласының қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлік бағыттарындағы маршруттық көлік құралдарының қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын мониторингілеу;
-
"Astana Bike"автоматтандырылған велопрокат жүйесінің жобасын іске асыру және дамыту шеңберінде веложабдықтың жұмысына мониторинг жүргізу.
КБД қызметкерлерінің тексеруі қалай жүзеге асырылады және жолаушы оны жүргізу кезінде не істеу керек?
КБД қызметкері:
-
Бір жолғы билеттерді, көлік карталарын тексеру, балама тәсілдер арқылы төлеу (SMS-төлем, QR-код бойынша төлем, банк карталары) арқылы қоғамдық көлікте жолаушылардың жол жүруі мен багажын төлеу фактісіне мониторингті жүзеге асыруға құқылы.
-
Билетсіз жолаушы анықталған жағдайда, жолаушының қоғамдық көлікте жол жүру/багажды алып жүру ақысын төлеу құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес шаралар қабылдау туралы Астана қаласы Полиция департаментінің қызметкеріне хабарлауға құқылы. Бұл ретте КБД қызметкері жолаушы жол берген құқық бұзушылықтың мәнін дұрыс және дәл түсіндіреді.
-
Көлік карталарын (атаулы) үшінші тұлғалар пайдаланған жағдайда алып қоюға құқылы. Алып қою кейіннен 2 данадағы алып қою туралы актіні ресімдей отырып жүргізіледі.
Маңызды! Кодекстің 622-бабының 2-бөлігіне сәйкес қоғамдық көлікте жол жүру ақысын төлеуден жалтарғаны үшін 2 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген.
КБД қызметкері:
-
Автобусқа кірген кезде жолаушыларға мемлекеттік және орыс тілдерінде қоғамдық көлікте жол жүру ақысының мониторингін жүргізу туралы таныстыруға міндетті.
-
Қоғамдық көлікте билетсіз жол жүру анықталған жағдайда, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес жолаушы маршруттық автобустармен жол жүру кезінде ақы төлеуге немесе жол жүру билетін иеленуге және көлік карталарын қоспағанда, оны сапар аяқталғанға дейін сақтауға міндетті екенін құрметпен және өте әдепті түрде түсіндіруге міндетті. Сонымен қатар, Инвестициялар және даму министрінің м.а. 26.03.2015 жылғы № 349 бұйрығымен бекітілген "Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларының" 51-тармағына сәйкес көлік картасы бар жолаушы автобусқа отырғызу кезінде жол жүру ақысын автобус салонында орнатылған электрондық терминалға қоса тіркеу арқылы өз бетінше тіркеуге міндетті.
-
Жолаушылар жүгінген жағдайда, КБД қызметкері өз құзыреті шегінде олардың өтініштері бойынша шараларды мұқият тыңдап, қабылдауға, ал қажет болған жағдайларда қойылған мәселені шешу үшін қайда жүгіну керектігін түсіндіруге міндетті.
-
Өзінің функционалдық міндеттерін орындау кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алуға міндетті.
КБД қызметкерлерінің қызметіне байланысты барлық мәселелер бойынша сіз 109 байланыс орталығының телефонына хабарласа аласыз.