Елордада жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелері

Құрметті жолаушылар! Бұл бөлімде Астана қаласында қоғамдық көлікте жол жүруді жүзеге асыру кезінде жолаушыларға қажетті Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінен негізгі үзінділер берілген.

"Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес:

1. Жолаушы:

1) Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен кез келген автобуспен, троллейбуспен және таксимен сапарларды жүзеге асыруға құқылы;

2. Жолаушы:

1) электрондық нысанда ресімделген жол жүру құжатын (билетін) қоспағанда, жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарында жол жүру уақытында ақы төлеуді жүргізуге және (немесе) жол жүру құжаты (билеті) болуға және оны сапар аяқталғанға дейін сақтауға;

1-1) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау кезінде қоғамдық көлікте жол жүргені үшін тасымалдаушы өкілінің талап етуі бойынша жол жүру құжатын (билетін) көрсетуге;

2) қоғамдық тәртіпті, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларында белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қарашадағы № 1061 Қаулысымен бекітілген Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларына сәйкес:

83-тармақ. Жолаушыларды автокөлік құралына отырғызу және түсіру мынадай ретпен жүргізіледі:

1) микроавтобустарда алдымен жолаушыларды түсіру, содан кейін отырғызу жүргізіледі;

2) екі және одан да көп есігі бар автобустарда жолаушыларды түсіру алдыңғы есіктен басқа барлық есіктер арқылы, ал отырғызу - алдыңғы есік арқылы жүргізіледі.

86-тармақ. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық тұрақты тасымалдау маршруттарында жол жүру және багаж алып жүру төлемін жолаушы қолма-қол ақшамен кондукторға (жүргізушіге) немесе жол жүру үшін электрондық төлемнің бірыңғай жүйесі арқылы жүргізеді.

89-тармақ. Қалалық қатынаста қолма-қол ақшамен жол жүру, қол жүгін белгіленген нормадан артық алып жүру және жолжүкті төлеу фактісі жолаушыға мынадай ақпаратты: сериясын және нөмірін; жол жүру құнын; билеттің шығарылған жылын қамтитын біржолғы жалпы билетті берумен тіркеледі.

90-тармақ. Электрондық байланыссыз карта арқылы жол жүру ақысын төлеу фактісі тиісті сәйкестендіру нөмірінің электрондық байланыссыз картаның электрондық шотында тіркеледі.

95-тармақ. Егер жолаушы жеңілдікті жол жүру билетін пайдаланса, онда ол жеңілдікке құқығын растайтын құжатты да ұсынады.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына сәйкес:

42-1 тармақ. Жол жүру ақысын төлеудің электрондық жүйесі пайдаланылатын қалалық (ауылдық) қатынаста жол жүруді тіркеуді жолаушы жол жүру ақысын төлеу туралы қағаз жол жүру құжатын (билетін) бермей, жолаушының өзіне-өзі қызмет көрсететін тиісті электрондық көлік терминалының оқырманының жұмыс облысына электрондық жол жүру құжатын қоса беру арқылы жүзеге асырады.

43-тармақ. Қолма-қол ақшамен төлеу кезінде қағаз жол жүру құжаты (билет) нысанындағы біржолғы бақылау билеті жолаушы жүріп өтетін қашықтыққа қарамастан, бір бағыт бойынша, бір маршрутта жол жүрген кезде ғана жарамды.

51-тармақ. Қағаз нысанындағы ұзақ пайдаланылатын жол жүру билеті бар жолаушы оны автобусқа, шағын автобусқа отырғызу кезінде кондукторға, бақылаушыға (жүргізушіге) ұсынады. Электрондық нысанда ұзақ пайдаланылатын жол жүру билеті бар жолаушы автобусқа, шағын автобусқа отырғызу кезінде жолаушының өзіне-өзі қызмет көрсететін тиісті электрондық көлік терминалының оқырманының жұмыс аймағына ұзақ пайдаланылатын электрондық жол жүру билетін қоса беру арқылы жол қозғалысын тіркеуді дербес жүзеге асырады.


KZ  RU